Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ағымдағы жылдың 25 маусым күні Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің бастамасымен аудан орталығы Комсомол ауылында М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Аталған жәрмеңкеге Жергілікті атқарушы органдар, басқармалар, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының, Қазақтелекем, Қазпошта қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты бұл – қызмет көрсету сапасын жақсарту, тұрғындарға бір жерден қызмет көрсету, сұрақтарына жауап беру, әдістемелік көмек беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімді, жылдам, әрі оңтайлы түрлерін ұсыну, орналастыру сияқты шараларды бір жерден ұсыну болып табылады. Жоғарыдағы аталған шараны аудандық көлемде тоқсан сайын ұйымдастыру жоспарлануда.