Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетімен "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының біріккен келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал!» акциясы өткізілуде.
Оның мақсаты тұрғындардың азаматтық белсенділігін көтеру және салықтық сауаттылығын дамыту, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша Қазақстан Республикасы заңдылығы талаптары жөнінде салық төлеушілерді ақпараттандыру, салық төлеушілердің салық тәртібін көтеру есебінен салық түсімдерін арттыру, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту, кәсіпкерлер арасында бәсекелестікті ынталандыру.
Акцияға қатысушылар – Акция жүру кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алғанын акцияны ұйымдастырушыларына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған кезінде берген чектердің фото суретін «Wipon» мобильдік қосымшасы арқылы жібере алатын Қазақстан Республикасының азаматтары
Акцияға қатысуға құқығы жоқтар:
- «Вайпоинг» ЖШС қызметкерлері;
Акция жүргізу кезінде қатысушыларға «Wipon» мобильдік қосымшаны келесідей функционалдарды Apple App Store және Google Play Market ақысыз жүктеуге мүмкіндік беріледі.
- чек фотосуретін жіберу;
- чек түбіртегін бермеу фактісін жіберу;
- чекті бермеу және ұтыстың мәртебесін системада қабылдануына ескерту;
- чектердің жіберілу тарихын қарау мүмкіндігі;
Акцияға қатысушыларға:
- Чек фотосуретін жіберу, бір суретте 1 чек болуы керек;
- Чек фотосуретінде ЖСН/БСН,күні, уақыты, жиын сомасы, фискальдық белгісі анық көрінуі керек;
- Чекте фискальдық белгі: чекте ФП,Ф,F, фискальдық, фискальдық чек болуы керек.
- Чектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;
- Чек сомасы 0 тенгеден артық болуы керек.
- тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алынған чектің күні және уақыты 2017 жылдың 1 мамырынан бұрын болмауы керек.
- «Wipon» мобильдік қосымшасын өшіру барлық алдыңғы чектердің жойылуына әкеледі.
- Бір чекті екінші қайтара жіберу есептелмейді.
Акция 2 деңгейде өтеді:
бірінші - облыстық деңгейде және Астана және Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменттерінде;
екінші- республикалық деңгейде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінде
Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.
Акцияның екінші деңгейдегі бас жүлдесі 2018 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік кірістер комитетінде ойнатылады. Онда бас жүлде – автокөлік және бағалы жүлделер ұтысқа салынады.
Қатысыңыз! Ұтыңыз!
Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы