«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі»

Қазақстан –жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет.Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Ұлт жоспарын дамытудың бес негізгі басымдығын нақтылап саралап берген болатын.Институттық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бесініші басымдықта Елбасы әсіресе сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресу жолдарын жетілдіруді міндеттеген.
Мемлекеттік қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тікелей байланыс болған жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне орын бар. Бұған себеп болатын адами фактор. Көп жағдайда мемлекеттік қызмет алушы өзі сондай әрекеттерге мемлекеттік қызмет берушілерді итермелейді. Мысалы, біз бір жерге өтініш жазып, қызмет алатын болсақ, сол мезетте таныс-тамыр іздеп, қоңырау шала бастаймыз. Бұл біздің қанға сіңіп кеткен әдет. Сондықтан, сананы түбегейлі түрде өзгерту қажет.Біз осыған қол жеткізуіміз керек.
Бүгінгі қоғамда халықтың сауаттылығы жоғары деңгейде. Өздерінің құқықтарын біршама біледі, әрі оны қорғай алады. Бұған себеп, Департамент және мемлекеттік қызмет берушілер тарапынан халық арасында түсіндірме шаралары үнемі жүргізіліп отырады. Жергілікті жерлердегі барлық интернет-ресурстарда мемлекеттік қызмет алудың тәртібі туралы қолжетімді ақпараттар орналастырылған. Бұл жұмыс үнемі назарда әрі мониторинг жасалып отырады.
Мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтерге үлкен көңіл бөлініп отыр. Мысалға, Елбасының барлық стратегиялық құжаттарында, оның ішінде соңғы Жолдауында мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бағытталған нақты тапсырмалар қойылды. Ондағы басты мақсат - мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру арқылы, халықтың уақытын үнемдей отырып, мемлекеттік аппаратты ашықтыққа, қолжетімділікке жеткізу. Мысалы, егер сіз жеке бас куәлігін алатын немесе айырбастайтын болсаңыз, сол мезетте сізге ЭЦП қоса беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде жүргізілуі ең әуелі қағазбастылықтан арылуымызға көмектеседі.
Ақпарат әзірлеген:
Қарабұтақ ауылдық округінің бас маманы Г.Д.Сағынтаева