Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер ветеринария қызметiнiң барлық деңгейiнде, яғни, аудандық коммуналдық ветеринариялық ұйымдардан бастап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiне дейiнгі деңгейде көрсетіледi. Бұл халықтың барлық тобына, сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сапалы әрi уақытылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары» және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамызындағы № 296 қаулысы негізінде «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес көрсетіледі.
Аталған нормативтiк - құқықтық актiлерге сәйкес ветеринария саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері :
1. «Ветеринариялық анықтама беру»
2. «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
3. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»
4. «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру»
5. «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру»
6. «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау».
Мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттарға және регламенттерге сәйкес көрсетіледі.
«Әйтеке би аудандық ветеринария бөлімі» ММ