«Ауыл тұрғындарына электронды үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді»

Ағымдағы жылдың 26 шілде күні Сарат ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері «Электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу және халықты компьютерлік сауаттандыру» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы түсіндіру жұмыстары семинар түрінде өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын жетілдіру мақсатында электронды түрде қызмет алудың артықшылықтары туралы барынша ақпаратпен қамтамасыз ету. Ауылдық округ әкімі аппаратының маманы www.egov.kz порталы қызмет алу жолдарын, тәртібін түсіндіріп өтті.