Жер қатынастары саласы бойынша «Ашық есік күні» акциясы

2018 жылғы 31 шілдесінде аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Ашық есік күні» акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты–жер қатынастары мәселелері бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсету және кеңестер беру, яғни қызмет көрсету сапасын арттыру.
Акция барысында тұрғындардың барлық сұрақтарына жер қатынастары заңнамаларының нормаларына сәйкес нақты жауаптар берілді.