«Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»

«Әйтеке би аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес мүдделі жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетуде.
Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметер «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту», қағаз түрінде және электронды түрде көрсетіледі.
Бөліммен көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес Мемлекеттік корпорация арқылы халыққа қызмет көрсету орталығымен ықпалдастырылған «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесімен электронды түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметі де көрсетілуде.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мүдделі тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мекеменің ғимаратында ақпараттық стендтер орнатылған, қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жоғарыда аталған қызмет түрлерінің барлығы ақысыз, тегін түрде жүзеге асырылады және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері жоғарыда аталған министрліктің бұйрығында толықтай көрсетілген.
Айта кететін бір мәселе, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талаптарына сәйкес, тиісті құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті пайдаланушының құжаттары келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
«Әйтеке би аудандық жер қатынастары» ММ-сі