Мектепке қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес балаларды мектепке оқуға қабылдау кезінде ата-аналардан төмендегідей құжаттар тізімі ұсынылуы қажет:1) Өтініш (мектепте толтырылады); 2) 2008 жылға дейін туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 063/у нысан және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысан); 4) баланың 2 данада 3х4 сантиметр өлшеміндегі фотосуреті.Ескерте кететін жайт, құжаттар тізімі толық болмаған жағдайда қызмет көрсетуден бас тартылады.