Білім және әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру

Ағымдағы жылдың 06 шілде күні аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің ұйымдастыруымен білім және әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар-кеңес өткізілді. Аталған шараға бөлім және ауылдық округ әкімдігі аппаратының жауапты мамандары қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын арттырудың бірден-бір жолы – қызметтерді бекітілген заңнамалық талаптарды сақтай отырып, уақытылы көрсету. Осы орайда, білім саласындағы «қызметкерлерді аттестациялау», «балаларды мектепке қабылдау», әлеуметтік қорғау саласы бойынша «мамандарға отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек тағайындау», «мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау» қызметтерін бекітілген стандарттар мен регламенттерге, қағидаларға сәйкес көрсету тәртібі түсіндірілді.