Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылдың 07 шілде күні Аудандық ветеринария бөлімінің ұйымдастыруымен ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өтті. Семинарға аудан бойынша ветеринария саласында қызмет ететін қызметкерлер шақырылды.
Семинардың күн тәртібіне сәйкес «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері», «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша қате-кемшіліктерді жою» тақырыптары бойынша түсіндірілді. Сонымен қатар бекітілген заңнамалық нормаларды сақтай отырып, алдын-ала түсіндіру шараларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.