Оңалту бағдарламалары іске асырылуда

Президент жолдауында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсартуды «Электронды үкімет» арқылы дамытудың артықшылықтарын атап көрсеткен. Аталған көріністің дамуы сыбайлас-жемқорлықтын алдын алу әрекеттерін жүзеге асырып оның факторларын болдырмау және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметтеріне деген сенімдерін арттырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының негізінде Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 19 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, мүгедектерге қатысты жеке оналту бағдарламаларына сәйкес «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу», «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу», «Мүгедектерге кресло-арбалар беру», «Мүгедектерге санаторий-курорттық емдеуден қамтамасыз ету», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» 7 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. 2018 жылдың 1 тамыздың қорытындысын негізге ала отырып ауданымызда барлығы 551 мүмкіндігі шектеулі жандар есепте тұрса, оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес 211 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар 31 адамға жеке көмекшілер тағайындалды. Протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін 42 адамға жолдама берілді. Сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен 77 адам қамтылды. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет 24 адамға әлеуметтік қызметкерлер бекітілді. Жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 16 адамға кресло-арбалар берілді. Санаториялық-курорттық ем алуға 21 адамға жолдама берілді.
Аудан тұрғындарының назарына, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер қызмет беруші кеңсесімен беріліп келді. Ағымдағы жылдын 1 сәуірден бастап мүгедектерді оңалтуға бағытталған мемлекет қызметтердің барлығы мемлекеттік корпорация арқылы (ЦОН) көрсетіле басталды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.