Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну

Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне берілген құзыреттер ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етіледі. Қызмет көрсететін әрбір органда өзінің стандарттары мен регламенті жайлы ақпараттар көпшіліктің назарына көрнекі жерге ілініп, қажетті ақпаратты қызмет алушы мүлтіксіз алуына мүмкіндіктер жасалған.
Ауылдық округ әкімдігі арқылы көрсетілетін «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік қызметіне тоқталып өтсек:
Мемлекеттік қызметтің бұл түрінің көрсетілу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік орган, ол: Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық (селоның), округітің әкімі. Қызметтің тұтынушылары жеке тұлғалар, сондай-ақ қажетті құжаттар өтініш берушінің жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің түпнұсқасы және көшірмесі және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқу орнынан анықтама болып табылады. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш толтрылады. Бұл қызмет көрсетілуінің нәтижесі жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі анықтама немесе дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызмет берушінің aitekebi.aktobe.gov.kz интернет-ресурсында; 3) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында; 4) egov.kz. порталында орналастырылған.
Комсомол ауылдық округінің бас маманы Ш.А.Уксукбаева