«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты жөніндегі «Нұр Отан» партиясы бақылау комиссиясының көшпелі отырысы

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021 Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы «мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты жөніндегі партия бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша партиялық кураторы, «Нұр Отан» партиясы АОФ депутаттық фракциясының жетекшісі Есеркепов Амангельды Кабашевич, Мемлекеттік қызметттер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы - Алдашев Жумамурат Ердаулетович, «Нұр Отан» партиясы АОФ жанындағы «Партиялық бақылау комиссиясының» мүшесі, Партиялық бақылау инспекторы Исламова Клара Булатовна, «Нұр Отан» партиясы Әйтеке би аудандық филиалының төрағасы Ибрашов Малимбет Ерғалиұлы, «Нұр Отан» партиясының Әйтеке би аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Биртаева Саулеш; «Нұр Отан» партиясының Әйтеке би аудандық филиалының партия бақылау комиссиясының комиссиясының мүшелері, осы салаға жауапты басшылары қатысты. Комиссиясының мүшелері аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының, аудандық білім бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысы туралы есебін тыңдады.Соңдай-ақ Партиялық бақылау инспекторы Исламова Клара жаңа партиялық жобалар бойынша ауданда IT-класы мен М.Жұмабаев атындағы орта мектеп жанындағы спорт алаңын қарады.