Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша 8 айлық есеп қорытындысы

Ағымдағы жылдың 05 қыркүйек күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің (бұдан әрі - бөлімше) ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шарада ағымдағы жылдың 8 айлық есебі қорытындыланды .
Дөңгелек үстел барысында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар, алдағы уақытта ұйымдастыралатын шаралар туралы баяндалып, қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, бөлімшемен жүргізілген мониторингке сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін Аудандық ветеринария бөлімі мен Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімі аппараты марапатталды.