Талдық ауылының тұрғындарына электронды қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Әйтеке би аудандық бөлімінің қызметкері А.Жакаев бекітілген жоспарға сәйкес Қайрақты ауылдық округіне қарасты Талдық ауылының тұрғындарына электронды-сандық қолтаңба ашып, сол электронды-сандық қолтаңбамен электрондық үкімет порталы арқылы (egov.kz) анықтамалар алуға болатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәжірибе жүзінде "мекен жай туралы", "зейнетақы аударымдары туралы" және т.б. анықтама түрлерін портал арқылы онлайн түрде алып көрсетті.
Ақпарат дайындаған М.Р.Усенова