Электронды қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың қыркүйек айында Аралтоғай ауылдық округіне қарасты Милы елдімекеніне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ қызметкері А.Жақаев графиктік жоспарға сәйкес іс сапармен келді. Тұрғындарға электронды санды қолтаңба, мекенжай анықтамасы, тағы басқа анықтамалар алып берді. Электронды қызметтер алу, электронды үкімет порталы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпаратты дайындаған: Аралтоғай ауылдық округі
әкімі аппаратының жетекші маманы Көздібаева Қ.А.