Халықаралық қарттар күні Сарат ауылдық округінде аталып өтілді.

Қазан айының бiрiншi жұлдызына тап келген мейрам жыл сайын ескiнiң көзiндей болған қазыналы қарттарымыздың бiр сәтке болса да көңiлiн көтерiп, өмiрiне қуаныш сыйлауда үлкен тәрбиелiк мән атқаратыны белгiлi.Өмiр алма-кезек. Елiмiздiң кешегi басынан кешкен қиын-қыстау кезеңдерiне куә болған өрiмдей қыз-жiгiттер бүгiнде жетпiс пен сексеннiң сеңгiрiне шықса, бергiсi алпысты алқымдаған қариялар. Мiне, сол көптi көрген, елiмiздiң тәуелсiздiк жолына қадам басқан күндерiн мақтана, тебiрене жеткiзетiн қарттарымыз күн санап азайып бара жатыр. Бiз оларды құрметтеуiмiз керек! Олар қазақ елiнiң кешегiсi мен бүгiнгiсiн сабақтастыра отырып, келешек ұрпақты тәрбиелейтiн шежiрешiлер. Мәндi де мағыналы әңгiмесiн "Бiз де жас болғанбыз" деп бастап сонау жастық шақтан күнi бүгiнге дейiн басынан өткерген өмiр баспалдақтарынан сыр шертетiн қариялардың әрбiр ұлағатты сөзi өскелең ұрпаққа мол тәрбие. Өйткенi, бүгiнгi жастар да ертеңгi қария, ұрпақ тәрбиелейтiн ата-әже. Сондықтан да Қарттар мерекесiн ұрпақ сабақтастығынан туып отырған салиқалы мейрам деуге негiз бар. 1-қазан Халықаралық қарттар күні Сарат ауылдық округінде аталып өтті. Сарат ЖОББ мектебінің ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұсынылды. Мерекелік шараны ауылдық округ әкімі Түкібаев Талғатбек Еркінұлы мен мектеп директоры Қайдақова Жанар Бекболатқызы құттықтау сөзімен ашып берді. Әрі қарай мектептің өнерлі тарландары ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқып қонақтарға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Мереке соңы ауылдық әкімшілік аппаратының мерекелік дастарханымен жалғасып, сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңында қариялар батасын беріп, алғыстарын жаудырды.Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты ММ