ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК ҚЫЗМЕТТЕРІ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін, 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай Қызылжұлдыз ауылдық округі əкімшілігі мен Аралтөбе ФАП мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Қарттарым-асыл қазынам" атты дəрігерлік көмек қызметтері көрсетілді. Оған Г.А.Тулегенова - аудандық аурухана бас дəрігерінің орынбасары, С.Н.Нуржанов -жалпы дəрігер, А.С.Досмуратова -офтальмолог, Н.А.Туктугулова -стоматолог, Ж.К.Успанова-невропатолог, А.Б.Есет- методист, А.Т.Оспанова - эпидемиолог дəрігерлері жəне А.В.Харина- Қарабұтақ амбулаториясы мейірбикесі қатыстып, медициналық көмек қолын созды. Әрқашан қарт жандардың дендері сау, көңілдері жайдары, отбасылары берекелі болсын!-демекпіз.Ақпаратты әзірлеген: Қызылжұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты.