ҚҰМҚҰДЫҚТА ҮСТЕЛ ТЕННИСІ АШЫЛДЫ.

30 қыркүйек күні, Zhas Project жастар корпусын дамыту жобасы аясында Құмқұдық селосында "Көңілді Пинг-Понг " үстел теннисі клубының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына ауыл тұрғындары куә болды. Ашылу салтанаты ауыл әкімі Алибаев Марат Көпжасарұлының құттықтау сөзімен басталды. Әкім жастарға ақылын айтып, құттықтап, қолынан келген көмегін аямайтынын айтты. Әрі қарай әншілер ән айтып, мың бұралған бишілер би биледі. Ортаға грант иеленген жастар Прмаганбетов Айдын, Жакибаева Жадыра, Махамбет Райымбекті жүргізуші шақырып сөз кезегін берді. Жастар Zhas Project жобасы туралы , жобаны Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырғанын, теннис клубы жағдайы әр түрлі отбасынан шыққан балаларға, барлық ауыл тұрғындары мен қонақтарына алты ай бойы тегін қызмет көрсететінін айтты. Жастар ауыл әкімі Алибаев Марат Көпжасарұлына алғыстарын айтты. Әрқашан жастарды назардан тыс қалдырмайтынын, қолдайтынын, идеясымен бөлісіп, қашанда жол көрсетіп, мәселені шешіп беретінін айтты. Ерекше тағы бір алғыстарын жастар бастамашыл тобы Ақтөбе облыстық маслихатының депутаты, " Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" "Жыл адамы" атанған, көптеген медальдармен, ордендермен марапатталған, "Құмқұдық" ЖШС директоры Александр Федорович Чемодановқа өз ризашылдықтарын білдірді. Ол кісі жастардың бастап жатқан ісін қолдап, меншігіндегі кең әрі орталықта орналасқан ғимаратын босатып берген. Жастар Құмқұдықта туғандарына , осындай қолдау көрсететін Елағалары барына қуанатынындарын айтты. Әрі қарай ауыл ақсақалы Сайлау атай мен Қарашатау орта мектебінің ардагер ұстазы Ерекеш ағай баталарын беріп , дәстүр бойынша шашу шашып, қызыл лентаны қиып, ғимараттың ішіне бастап бет алды. Теннис клубының ішінде балалар қуанып, су жаңа үстел теннисімен ойнап жатты.