ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ-ҚАЗЫНАМ

2018 жылдың 01 қазан күні Құмқұдық ауылдық округінде мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қарттар күніне орай, «Қарттарым асыл – қазынам » атты мерекелік концерт өткізілді. Мерекелік шараны ауыл әкімі М.К.Алибаев өзінің жүрекжарды тілегімен қарттарды құттықтады. Мерекелік шарадан соң әкімшілік ғимаратында қарттарға дастархан жайылып, ас берілді. Мерекелік кеш соңында қарттар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін арнап, баталарын берді. Сонымен қатар Құмқұдық ауылдық амбулаториясының қызметкерлері төсек тартып жатқан қарт кісілердің үйлеріне барып, сыйлықтарын тарту етті.Қарашатау орта мектебінің 9 – 11 сынып оқушылары жалғыз басты қарт кісілерді мерекелерімен құттықтап, үй – жағдайларына көмектесіп қайтты.