ШАХМАТ - ОЙЛЫ-СПОРТ

Қазақстан Қазпочтасы АҚ 25-жылдығына орай М.Жұмабаев ЖББОМ-нің базасында оқушылар арасында шахмат жарысы өтті. Жарысқа ауданнан Комсомол ЖББОМ, Т.Жургенов ЖББОМ, М.Жумабаев ЖББОМ, Талдысай ЖББОМ-нің оқушылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатын аудан әкімі М.Ибрашов ашып спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың негізгі бағыты үздік спортшыларды анықтап, спортшылардың шеберлігін арттыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу. Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын М.Жумабаев ЖББОМ, 2-орын Т.Жүргенов ЖББОМ, 3-орын Талдысай ЖББОМ иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.Шахмат ойыны шығармашылық ой-өрісті кеңейтеді, баланың интеллекттіндамытып, есте сақтауды қабілетін жақсартады. Сондықтан балаға шахмат ойнаудың маңызы орасан зор.