ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін, 4 қазан күні, аудан әкімі М.Ибрашов Әйтеке би ауданы әкімдігінің ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар тарапынан айтылған мәселені өз ауыздарынан естіп, оны шешудің жолын белгіленген уақытта қолданыстағы Заңдарға сәйкес шешетіндігін айтты. Мәселенің мән-жайына қаныққан аудан басшысы қабылдауда болған азаматтардың көтерген өтініш-тілегіне барынша назар аударып, оңтайлы шешуді тиісті мекеме басшыларына жүктеді.