ҰСТАЗ – БИІК ӘРІ МӘҢГІЛІК

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт –бағдар беруде еңбегі зор. Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ал осынау қастерлі мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген жұртшылықтың алғыс-ризашылығы шексіз.Осындай асыл мамандық иелерінің төл мерекесіне орай бүгін аудандық «Целинник» мәдениет үйінде «Ұстаз мәртебесі-биік, мәңгілік» атты салтанатты кеш өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі М.Ибрашов қатысып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор ұстаздарды төл мерекелерімен құт-тықтай келе, оларға марапат қағаздарын тапсырды.Сонымен бірге еңбектеріне қарай аудандық мәслихат, аудандық білім бөлімі, аудандық білім қызметкер-лерінің арнайы алғыс грамоталары табыс етілді.Өте жоғары деңгейде өткен салтанатты кеште көптеген әсем әндер айтылып, мың бұралған қыздардың билері тамашаланды. Әсіресе Театрландырылған қойылымның мән-мағынасы жүректі серпілтіп, көрермендердің жүректерін тебірентті. Бір қуанарлығы осы кештегі айтылған әндер мен барлық өнерпаздардың орындаулары, сахнаның безендірілуі, жалпы ұйымдас-тырушылық деңгейдің жоғары екендігін көрсете білді. Сондай-ақ ауданның мектептерінен білім алып, еліміздің беделді қызметтерінде отырған азаматтар өздерінің ұстаздарына арнап, құттықтау бейнероликтерін жолдау арқылы дайындаған сый тартуы ұстаздар еңбегінің еленгені десе де артық емес.