КӘСІПКЕРЛЕР ПІКІРІ

Еліміздің болашағы жастардың қолында тек жастарға ерінбей еңбек ету керек. Дамыған отыз елдің қатарына енуіміз үшін әрбір жастарымызға мүмкіндік бар. Қазақстан Республикасының Президентінің биылғы халыққа жолдауын үлкен ықыласпын тыңдадым. Елбасы жас кәсіпкерлерге жолдауында шағын және орта бизнесті дамытуға көптеген тапсырмалар берді. Отандық тауар өндірушілеріміздің кәсіптеріне келтірілетін көптеген кедергілер алып тасталынды. Мәселен салық төлемдерінен босату мәселесі қарастырылды. Бұның өзі жас кәсіпкерлерге үлкен көмек. Бүгінгі Президенттің жолдауын тыңдағаннан соң жас кәсіпкер ретінде өз кәсібімді одан әрі дамытуға және кәсібін бастай алмай жүрген жастарға жол көрсетуге дайынмын.Турабекова АйгерімКәсіпкер «Бөдене шаруашылығы»