ЖАС ОТАНДЫҚТАР ЖОЛДАУҒА ПІКІР БІЛДІРДІ

Елдің экономикасы – халқының тұрмыс жағдайымен бағаланады. Осы жолы да Президентіміз тағы бір мәрте тұрғындардың сапалы өмір сүруіне бағыттайтын Жолдауын шығарып таныстырды. Әрбір сала қызметкерлерінің мәселелерін нақты қарап, негізгі проблемаларды жою бойынша тапсырмалар берілді. Яғни, олар: минималды еңбек ақысының мөлшерін көбейту, отандық кәсіпкерлерді қолдау, мұғалімдердің мәртебесі туралы Заң қабылдау және тағы басқалар.Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан өз жолдауларында ел жастарына аса назар аударады. Елбасының тапсырмасына сәйкес келер жыл «Жастар жылы» болып жарияланатыны қуанышты бастама. Осыған сәйкес, жастардың игі бастамаларды, жобаларды жүзеге асыруға, жастар арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге, ел жастарының бірлігін нығайтуға, әрбір жастың жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлікпен айналысуға, сұранысы бар жерге қызметке баруға, қоғамдық өмірге белсенді араласа отырып, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған жұмыстар жүргізіледі деп сенемін. Себебі, «Ел болашағы – жастарда!» - деп Елбасы айтқандай, мемлекеттің үлкен күші жастардың қолында. Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы ел жастарына байланысты. Біз¬дің алдымызға қойылып отырған ортақ міндет – дамыған 30 елдің қата¬рына ену болса, осы жолда жастардың алар орындары ерекше. Осы жолдаудағы қойылған тапсырмалар халықтың, әсіресе жастардың өмір сүру деңгейін арттыруға мол серпін береді деп сенемін.«Нұр Отан» партиясының Әйтеке би аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абилов С.К.