АРДАГЕРЛЕР ӨЗ ПІКІРІМЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналғанын көріп отырмыз. Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар екені белгілі .Тәуелсіз еліміздің дамуының жаңа белестері осы Жолдауда айқын көрінеді, жолдау жолдары әрбір қазақстандық шын ықыласымен қабылдап, қолдайды. Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды, бұл жалақысы төмен отбасыларға үлкен қолдау деп қабылдауға болады.Елбасы назарынан тыс қалмаған мәселенің бірі-білім жүйесі. «Педагогтар мәртебесін өсіру» мұғалімдер үшін біраз артық жүктемеден арылтуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.Елбасы Жолдауында аталған «Ауыл-ел бесігі» жобасы әр ауыл ауылда тұратын тұрғындар үшін маңызды.Қорыта келгенде Жолдаудың негізгі мазмұны –халықтын тыныс-тіршілігін жақсарту, әл-ауқат деңгейін одан әрі арттыру, сондықтан да Мемлекет басшысының айтқан мәлімдемесін ауыл тұрғындары үлкен ризашылықпен қабылдады.З.Бөлекова –Әйтеке би ауданының құрметті азаматы