МАСЛИХАТ БАСШЫСЫ ЖОЛДАУҒА ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еліміздегі «Әлеуметтік – экономикалық» мәселелерді дамыту атты Жолдауын үлкен ықыласпен тыңдадым. Ел Президенті биылғы Жолдауында азаматтардың тұрмыстық әлеуметтік деңгейлерін көтеру мәселелеріне көп көңіл бөліп отыр. Бұл мақсатта бірінші мәселе қылып, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы көлемін 1,5 есеге ұлғайтуды үкіметке тапсырды. Сонымен бірге бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы да 35 пайызға өскелі отыр. Нарықтық экономиканың негізі-кәсіпкерлік екені белгілі. Үлкен өзен кішкентай жағадан басталады десек, шағын бизнес – шағын несие беруден бастау алады-деп тұжырымдауға болады. Елбасының бүгінгі Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнеске өсімпұл мен айыппұл сомаларына салықтық рақымшылдық жасалатындығы тек қана негізгі салық сомасы төлейтіндігі айтылды. Бұл жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, үлкен қолдау деп түсінемін.Әйтеке би аудандықмәслихатының хатшысы: Е.Таңсықбаев