Жемқорлыққа жол жоқ!

Бүгін, 5 қазан күні, Әйтеке би ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы құрылған мобильді топ жұмыс жоспарына сәйкес Қарабұтақ ауылдық округтері және Ақкөл ауылдық округтеріне іс-сапармен барып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздіМобильді топтың жетекшісі, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы С.Иримбетова сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тәсілдері, сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда қайда, кімге хабарласу қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тәсілдері мен қатар насыбайдың зияны және оны қолдану неге алып келетіні жайында лекция оқып, жиналысқа қатысқан мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен ауылдық округ тұрғындарына парақшалар таратты.