«Қарабұтақ ауылында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті»

Аудан орталығынан бөлек ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Қарабұтақ ауылында да өткізілді. Жәрмеңкеге кәсіпкерлер, жеке азаматтар арзан бағада ауыл тұрғындарына ет-май, балық, сүт және кондитерлік өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ, орман шаруашылық мекемесі табыстаған екпе талдардың түрлері, шебер аналарымыздың қолдан ойып тіккен көрпелері, басқа да қолөнер туындылары осы жәрмеңке сөресінен табылды.Таң ата жәрмеңкеге асыққан ағайындар табиғи сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алды.Жәрмеңкенің қызықты өтуіне саз мектебі, кітапхана ұжымы және ауылдық округ қызметкерлері ат салысты.Қызған сауданың көркін кұлаққа жағымды әсем әндер әуені кіргізіп тұрса, балабақша ұжымы жәрмеңке барысында дастархан жайып, тәтті тағамдармен тегін шәй таратты.