ДЗЮДОДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ.

5-7 қазан аралығында дзюдодан Темір ауданы кубогі жолында 2002-2003 жылы туылған жасөсірімдер арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Аталған турнирде ауданымыздың атынан 66кг салмақ дәрежесінде қатысқан А.Зинатдинов жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ 55кг салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Н.Бисенов жүлделі үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздардың бағындырар шыңы көп болсын, шын жүректен құттықтаймыз.