ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы қоғамның барлық саласына экономика, саясат, мәдениет, білім, денсаулық, халықаралық қатынастарға, қатысты маңызды құжат. Н. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы Қазақстанның даму барысында қандай үлкен жұмыстарды жүргізіп жатқанын анық көрсетеді. Елбасының биылғы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын аудан әкімдігінің акт залында аудан басшысы М.Ибрашов және аудандық маслихат хатшысы Е.Таңсықбаев халық қалаулыларымен бірге талқылады. Аталған жиынға кәсіпкерлер, саяси партия өкілдері, мұғалімдер мен жастар қатысты. Жолдаудың бағыт бағдары айқын, оны іске асыру үшін аудан әкімі бірқатар мекеме басшыларына тапсырмалар берді. Сондай-ақ алдағы атқарылар игі шараларға тоқталып өтті. Жиын соңында жолдауға қатысты ауданнымыздың құрметті азаматшасы Зоя Мекетаевна, Кәсіпкерлер атынан А.Туребекова және жастар атынан С.Абилов өз ойларын ортаға салды.Елбасының жолдауында айтылған реформалар Қазақстанның халықаралық беделінің одан әрі өсуіне әсер ететіні сөзсіз. Қазақстанның осы уақытқа дейін жүзеге асырған ғаламдық жобалары елді алдыңғы шепке шығарғарды. Ал осы жолғы жолдаудағы идеялар жемісті реформалардың жалғасы болмақ.