Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 10 қазан күні Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің (бұдан әрі - бөлімше) ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға ауылдық округ әкімдіктерінен, аудандық бөлімдерден және Халыққа қызмет көрсету орталығынан қызметкерлер шақырылып, ағымдағы жылдың 9 айлық есебі қорытындыланды .
Дөңгелек үстел барысында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар, алдағы уақытта ұйымдастыралатын шаралар туралы баяндалып, қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, оң өзгерістер туралы айтылып, Telegramm арқылы және egov.kz порталы бойынша үшінші тұлға арқылы анықтамалар алудың жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, бөлімшемен жүргізілген мониторингке сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқаны үшін Аудандық жер қатынастары бөлімі мен Жабасақ ауылдық округі әкімі аппараты марапатталды.