ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары! Сіздерді 2018 жылдың 02 қараша күні өтетін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар» жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңкеде аудан бойынша көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер түрлерін бір-жерден алу және бос орындар туралы ақпараттар алу мүмкіндігі бар. Қызмет көрсетуге жауапты мамандар Сіздерге консультациялық көмек беруге және кез-келген сұрағыңызға жауап беруге дайын. Өтетін орны мен уақыты: Комсомол ауылы, Т.Жүргенов көшесі, 66-шы үй. М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің Акт залы. сағ. 16:00-де