АРМРЕСЛИНГТЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

26-28 қазан аралығында Ақтөбе қаласында ерлер және әйелдер арасында армреслингтен облыс чемпионаты өтті. Осы чемпионатка Әйтеке би аудандық балалар-жасөспірімдер спорт метебінің Қол күрес тобының спортшылары жақсы нәтиеже көрсетті. Атап кетсек, 65кг-Бақыт Бауыржан 1-орын, 65кг-Сағи Ақылбек 2-орын, 60кг-Төлеуов Бекзат 3-орын, 70-кг Махмутова Нұрбибі 1-орын, 65кг Кеңесқызы Анар 1-орын, 55-кг - Буханец Альбина 2-орын. Жаттықтырушысы: Айтбай Төлеген. Спортшыларымызды құттықтаймыз!!!