ҚЫС-2018 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ.

Бүгін, 1 қараша күні, Төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, қыс кезеңіне басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындау мақсатында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында өткен оқу жаттығуға барлық қалалық, аудандық әкімшіліктер, облыстық 15 азаматтық қорғаныс қызметтері, аудандық шұғыл әрекет отрядтары қатысты. Жылдық дәстүрден жаңылмай, қыстық кезеңге азаматтық қорғаныс қызметтерінің дайындығы пысықталып, олардың іске мығымдылығы, машықтары мен техникалары тексерілді. Бұл тексерістің мақсаты – қыс кезеңіне техникалардың әзірлігі, өзекті мәселелерді анықтау және оны шешу жолдарын табу болды. Тексеріске аудан әкімінің орынбасары Б.Мулькаев қатысып, білікті мамандармен танысып, төтенше жағдайларда қолданатын көліктер, техникалар, құрал-саймандарды көріп шықты. Қыс кезеңінде қауіп туындағанда алға қойылған міндеттерді жедел орындау үшін жұмыс істеу режимін жоғары дайындық режиміне ауыстыру, төтенше жағдайды жоюға халықтың әзірлігі мен мүмкіндігі деңгейін арттыру, көлік магистральдары мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі бұзылған жағдайда төтенше жағдайлар қызметтерін басқару бойынша жұмыста үйлесімділікті жетілдіруді жүзеге асырды. Сондай-ақ жаттығу жоспарына сәйкес «Көп қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде адамдарды құтқару және өртті жою» тақырыбында өрт-татикалық сабақтар өтті.