АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП МҮШЕЛЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, 2 қараша күні, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігінің өкілдері мен республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері облыстық мәслихат депутаты, облыстық арнайы мониторингтік құрамының топ басшысы Т.Талаева, облыстық арнайы мониторингтік құрамының мүшесі А.Менкеев және Қ. Р. мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры А.Бердалин Қарабұтақ ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды. Жұмыс сапары барысында осы жылы күрделі жөндеуден өткен Т.Шевченко атындағы орта мектептің жұмысымен танысып, тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету түрлерімен жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сонымен қатар Агенттік өкілдері мен мониторингтік топ мүшелері Қызылжұлдыз ауылдық округінде де болып қайтты. Аралтөбе ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауданда жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілуі бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жиынға қатысушылар өздерінің сауалдарын жолдап, толыққанды жауап алуға да мүмкіндік алды.