АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ МАРАФОНЫ БАСТАУ АЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда қоғаммен қарым-қатынасты орнатуда жаңа тәсілдерді қолдану мақсатында Әйтеке би ауданы әкімі аппараты жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен орталық алаңда сыбайлас жемқорэлыққа қарсы «Адал жол – честный путь» мара¬фоны бастау алды. Марафон шерумен басталып, Қ.Р. Мемлекеттік туы мен марафон жалауын көтеріп аудан көшелерімен жүріп өтті. Шараға облыстық арнайы мониторингтік құрамының топ басшысы Т.Талаева, облыстық арнайы мониторингтік құрамының мүшелері А.Менкеев пен Ж.Ахаш және Қ.Р. мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры А.Бердалин сондай-ақ Қ.Р. мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің орынбасары Р.Бисенов қатысты. Іс-шара барысында орталық алаңда аудандық жастардың «Жемқорлыққа жол жоқ » флешмобы өткізілді. Одан әрі Аудандық «Целинник» мəдениет үйінде салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу кезінде аудан əкімінің орынбасары Б.Мулькаев ауданның əлеуметтік экономикалық даму көрсеткішін баяндай келе сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиянының басты бағыты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениет деңгейін қалыптастыру бойынша нақты кешенді іс-шаралардың аудан көлемінде əлі жалғасын табатынын атап өтті. Одан әрі аудан өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламаларымен жалғасты.