МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ.

Ағымдағы жылдың 2-ші қарашасы күні, "Адал жол - честный путь" эстафеталық марафоны аясында Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің ұймдастыруымен аудан орталығы Комсомол ауылында М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі» өтті. Аталған жәрмеңкеге Жергілікті атқарушы органдадың және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Жәрменңкенің өту барысында АХАТ саласы бойынша көрсетілген қызметтердің құжаттарын қайтару күні, Жәрмеңкенің өту күнімен сәйкес келуіне байланысты неке қию және туу туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды.Жәрмеңкенің негізгі мақсаты бұл – қызмет көрсету сапасын жақсарту, тұрғындарға бір жерден қызмет көрсету, сұрақтарына жауап беру, әдістемелік көмек беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімді, жылдам, әрі оңтайлы түрлерін ұсыну, орналастыру сияқты шараларды бір жерден ұсыну болып табылады.