ӨЗ ӨНІМДЕРІН ҰСЫНДЫ

3 қараша күні, Аудан орталығында Жамбыл және Ұшқатты ауылдық округтерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде аталған ауылдық округтерінің тауар өндірушілері, өз өнімдерін халыққа тиімді бағамен ұсынуда. Екінші жыл әр сенбі сайын өткізіліп келе жатқан жәрмеңке биыл да қазан айынан басталып, қараша айына дейін жалғасуда.. Басты мақсат азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Бүгінгі жәрмеңкеге аудан әкімінің орынбасары Б.Мулькаев қатысып, ауыл шаруашылық өнімдерімен танысты. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Қарабұтақ ауылдық округінде де жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес Қызылжұлдыз ауылдық округінің тауар өндірушілері сапалы әрі балғын өнімдерін Қарабұтақ тұрғындарына ұсынуда.