ТЕМІРЖОЛШЫЛАР АДАЛ ЖОЛДЫ ҚОЛДАЙДЫ

3-ші қараша күні, М.Жұмабаев атындағы орта мектептің спорт алаңында "Адал жол - честный путь" марафон эстафетасына орай шағын футболдан теміржолшылар арасында жарыс өтті. Жарысқа бес команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Аталмыш шараның ашылуында Спорт жанашыры Серіққали Тампишов спортшыларға сәттілік тілеп, өз демеушілігін жасады. Жарыс соңында жеіңпаздар мен жүлдегерлер кубокпен және сыйлықтар мен марапатталды.