ӨЛЕҢІНДЕ ӨЗ ӨРНЕГІ БАР АҚЫН

Қазақ әдебиетінде тумысы бөлек, талантты жырларымен өзіндік бояу, тың үн, тосын мінезімен ерекшеленіп, поэзиямызға жаңа леп, жаңа тыныс қосқан қазақтың өте сирек қайталанатын, талантты ақындарының бірі Өтежан Нұрғалиевтің шығармаларынан "Өлеңінде өз өрнегі бар ақын" атты жыр байқауы ұйымдастырылды. "Адал жол- Честный путь" марафоны аясында ұйымдастырылған шара 5 қараша күні, аудандық кітапхананың оқу залында өтті."Құрмет" орденінің көрнекті өкілі, қазақтың аса дарынды ақыны, жерлес жазушы Өтежан Нұрғалиевтің шығармаларын оқуға Жамбыл, Талдысай, Сұлукөл, Басқұдық, Құмқұдық, Т.Жүргенов, М.Жұмабаев ЖОББМ-нің 8-9 сынып оқушылары қатысты.байқау қорытындысы бойыншаТ.Жүргенов мектебінің 9-класс оқушысы Муттахайқызы Ақсая І - орынды ІІ- орын, М.Жұмабаев мектебінің 8 - класс оқушысы Бимағамбет Қырмызы ІІ- орын және Талдысай мектебінен Еламанов Елімхан 8- класс оқушысы ІІІ - орын ие болды. Сондай-ақ қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар табыс етілді. Кешті ұйымдастырып жүргізген кітапханашы Г.Басыгарина.