ЖАЛПЫ ТҮСІНДІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ТОБЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында биылғы ұйымдастырылған "Жалпы түсіндіру жұмысы және әлеуметтік мәселелерді шешу" тобы аудан бойынша іс-шараларын бүгін қорытындылады. 12-14 қараша аралығында өткен бұл жоба аудан орталығы және ауылдық округтерді қамтыған болатын.Жобада ауқымды түсіндіру жұмыстары, бизнесті дамыту, әлеуметтік қолдау, дін мәселелері, ақпараттық жұмыс, теракт, қауіп-қатерге дайындық, бағыттары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.Құрамында дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бизнес-тренерлер, имамдар, теологтар және басқа да мамандар бар сарапшылар көп жұмыс тындырды. Олар мектептерде, ауруханаларда, мешіттерде, түрлі кәсіпорындарда жиын өткізді. Тіпті кейбір ауылдарда әрбір үйге кіріп, тұрғындарға әлеуметтік, экономикалық салалардағы жаңалықтарды, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді. Облыстық ақпараттық топ аудан ауылдарындағы тұрғындардың мәселелеріне мүмкіндігінше нақты көмек көрсетуге тырысып, жан-жақты қойылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар жоба барысында аудандық "Целинник" мәдениет үйінің қызметкерлері Әйке ауылдық округіне концерттік бағдарламаларын ұсынды. Қарабұтақ ауылдық округінде аудандық "Замандас" халықтық театры жергілікті ақын, Қ.Шаңғытбаевтың "Ой, жігіттер-ай" пьесасын сахналап, тұрғындарға тамаша көңіл-күй сыйлады.