2018 жылы 22 қараша күні Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVI сессиясы өтті.

2018 жылы 22 қараша күні Аудандық мәслихаттың кезектен тысXXVI сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:1. Аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №162«2018 -2020 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.2. Үздік отыздыққа апарар 100 нақты қадам ұлт Жоспарын орындаудағы Талдық ауылдық округі әкімінің 2017 жылы және 2018 жылдың 9 -айында атқарған қызметі жайлы» 3. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы №191 «Әйтеке би ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайлымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.4. Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 қарашадағы №118 «Әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеренария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.5. Жасы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның Ережесін және жаңа құрамын бекіту туралы мәселелер қаралып сессия өз жұмысын аяқтады.