«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың «06» қарашадағы №72«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағымамандарғакөтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға2018 жылы Әйтеке би ауданы бойынша 14 маманға 36 404,5 мың теңге бюджеттік несие, оның ішінде салалар бойынша; білім беру – 12 маманға, денсаулық сақтау – 1 маманға, мәдениет – 1 маманға берілді.
Көтерме жәрдемақы 2018 жылы 39 маманға 6565,4 мың теңге көлемінде, оның ішінде салалар бойынша: білім беру – 29маманға, денсаулық сақтау – 7 маманға, ветеринария -3 маманға төленді.