ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШЫРШАСЫ.

Бүгін, 27 желтоқсан күні, Комсомол ауылында аудан әкімінің қайырымдылық шыршасы өтті. Жүрекке жылылық ұялатар қайырымдылық шыршасы Әйтеке би ауданының әкімі Ибрашов Мәлімбет Ерғалиұлының жаңа жылдық құттықтау сөзімен ашылды. Биылғы жыл облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен «Бақытты бала» жылы деп жарияланып, ауданда бірқатар шаралар атқарылды.Қайырымдылық шыршаға аудан әкімі бастаған мекемелер ұжымы, мектептер ұжымы, ауылдық округ әкімшіліктері, жеке қожалықтар, жеке кәсіпкерлер қатысып, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ерекше қуанышқа бөледі. Оған қоса, барлық балаға мерекелік сыйлықтар табысталды.Мереке соңы балаларға арнайы дайындалған тәтті дастарханға жалғасты. Сонымен қатар, дәл осы күні, аудан басшысының қатысуымен ауданның дарынды балаларына арналған жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылды.