Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша түсіндіру-әдістемелік семинары өтті.

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсаны күні аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің ұйымдастыруымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы түсіндіру-әдістемелік семинары өткізілді.Аталған шараға жергілікті атқарушы органдар, ведомствалық бағынысты ұйымдар, білім беру ұйымдарының және аудандық ХҚКО-ның жауапты қызметкерлер қатысты. Жиын барысында жылжымайтын мүлік иелеріне eGov арқылы тіркеуден шығару қызметі туралы түсіндіріліп, аудандық ХҚКО-мен ЖАО-дар арасындағы бірлескен жұмыстардың жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «18» қыркүйек №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі түсіндіріліп, электронды және баламлалы түрде көрсетілетін қызметтердің пайыздық үлесін арттыру қажеттігі айтылды және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.