Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 10 бабының 2-тармағына және 18 - бабының 4 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Әйтеке би аудандық мәслихатының кезектен тыс отызыншы сессиясы 2019 жылдың қаңтар айының 04-де сағат 11-00–ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. «2019 - 2021 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» .
Хабарламашы: Әйке ауылдық округінің әкімі Н.Алипбаев.
2. «2019 - 2021 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» .
Хабарламашы: Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі К.Байдрахманов.
3. «2019 - 2021 жылдарға арналған Комсомол ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» .
Хабарламашы: Комсомол ауылдық округінің әкімі Б.Прмагамбетов.
4. Басқа да мәселелер
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: А.Байдилдин