Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру
мақсатында көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы
төлеуді бастау және ұйымдастыру
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Осы мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыттарының бірі болып табылады.
Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа дейінгі студенттері бар көп балалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленеді. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері балалардың санына байланысты сараланған. Сонымен, 4 баласы бар отбасылар – 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 баласы бар – 53 127 теңге (20,04 АЕК), 6 баласы бар – 63 757 теңге (24,05 АЕК), 7 және одан да көп баласы бар – 74 388 теңге (28,06 АЕК) алады.
Әйтеке би ауданы бойынша бұл жәрдемақыны 582 отбасы алады. Оның ішінде 4 баласы бар – 414 отбасы, 5 баласы бар – 138 отбасы, 6 баласы бар - 24 отбасы, 7 және одан көп баласы бар – 6 отбасы.
Әлеуметтік төлемдерді ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру
туралы» Заңының жаңа нұсқасына сәйкес жаңа мөлшерде
тағайындау және жүзеге асыру
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы жүзеге асырылып, мыналар қарастырылды:
· әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі қарастырылды;
· әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілінің арасындағы өзара байланыс қарастырылды;
· еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмаларын іске асыру барысында жаңа нұсқада әзірленіп дайындалды.
Заңның негізгі мақсаты - еңбек өтілі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту, сондай-ақ 2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшерінің орташа есеппен 30% - ға өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін еңбек өтілі 5 жылдан асатын алушыларға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті қайта қаралды. Бұл коэффициент әлеуметтік төлемдердің үш түріне: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша, жұмысынан айрылуы бойынша жағдайларда әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтау кезінде қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан артық әрбір толық жыл үшін коэффициент 2% - ға артады.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптамасы нақты белгілеген еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (30%-дан 100%-ға дейін) ескере отырып, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері айқындалады. Егер 2020 жылға дейін жалпы еңбек ету қабілетінен айырылғанда орташа коэффициенттер қолданылған болса (мысалы, еңбек ету қабілетінен 30%-дан 59%-ға дейін айырылғанда 0,3 коэффициенті, 60%-дан 79%-ға дейін айырылғанда 0,5 коэффициенті, 80%-дан 100%-ға дейін айырылғанда 0,7 коэффициенті қолданылды), енді жаңа механизм бойынша еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% белгіленген кезде коэффициенті 0,65 болады, 80% - 0,8, 100% - 1,0 тиісінше.
Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санының коэффициенттерін өзгерту жолымен әлеуметтік төлемдердің мөлшері арттырылды:
1) асырауында біреу болса 40%-дан 50%-ға дейін;
2) екеу болса 50%-дан 65%-ға дейін;
3) үшеу болса 60%-дан 80%-ға дейін;
4) төрт және одан көп болса 80%-дан 100%-ға дейін.
Сонымен қатар жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды, атап айтқанда:
1) табысты ауыстыру коэффициенті 30%-дан 40%-ға көтерілді;
2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 4 айдан 6 айға дейін ұлғайтылды.
Осыған байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері жаңа тағайындалғандар мен бұрын тайындалғандардың арасында алшақтыққа жол бермеу мақсатында, әлеуметтік төлемдерге қатысты жаңа тәртіптерді қолдана отырып, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша бұрын тағайындалған әлеуметтік төлемдерге бір жолғы рет қайта есеп жүргізілді.
Жалпы Заңдағы жаңа өзгерістер әлеуметтік тәуекелдердің үш түрі бойынша: еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 30% арттыруға мүмкіндік берді.
01.01.2020 жылдан бастап төленетін зейнетақылардың, жәрдемақылардың және «МӘСҚ» АҚ әлеуметтік
төлемдерінің мөлшерін арттыру
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар өсті.
· Зейнетақы 7% - ға өсті.
· Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 % - ға өсті.
· Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 651 теңге;
· Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 31 183 теңге;
· Ең төменгі зейнетақы (2020 жылы тағайындау үшін) – 38 636 теңге;
· Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2020 жылы 46 еселенген АЕК (121 946 теңге) аспауы тиіс.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) көтерілуіне байланысты өсірілді.
· Ең төменгі базалық зейнетақы – 16 839 теңге.
· Ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп ) – 31 183 теңге.
· Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) өзгеруіне байланысты 5% - ға өсті.
· Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (АМЖ) және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 Тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеруіне байланысты 5% - ға өсті.
· Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер 5% - ға өсті.
Баланың туылуына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы өсірілді және осындай болды:
· бірінші, екінші және үшінші балаға - 100 738 теңге (38 АЕК).
· төртінші балаға - 167 013 теңге (63 АЕК).
Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар да өсірілді және осындай болды:
· бірінші балаға - 15 270 теңге (5,76 АЕК).
· екінші балаға - 18 054 теңге (6,81 АЕК).
· үшінші балаға - 20 811 теңге (7,85 АЕК).
· төртінші және одан кейінгі балаларға - 23 594 теңге (8,9 АЕК).
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 16 967 теңгені (6,4 АЕК) құрады.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша банкрот салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған ай сайынғы төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5% көтерілді.