Семинар-кеңес және "Ашық есік күні" өткізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Әйке ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер көрсету бағытында семинар-кеңес және "Ашық есік күні" акциясы өткізілді. Өткізілген шараларға жергілікті жердің бюджеттік мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатыстырылды. Шара барысында, ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жеке-жеке тоқталып олардың алу жолдары мен тәртібі туралы және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып қызметтерді ұсыну қажеттігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, шара кезінде қызметті алушыларға толық жағдай жасау, "Электрондық Үкіметтітің" веб-порталы арқылы алуға болатын қызметтер және ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының талаптары мен міндеттері туралы да айтылды.
Орындаған: "Әйке ауылдық әкімінің аппараты" ММ-нің бас маманы А.Аликулова