«Ашық есік күні» өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында Комсомол ауылдық округі әкімдігі ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында, қызмет алушыларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Комсомол ауылдық округі әкімдігінде көрсетілетін (жаңадан қосылған) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтін алу жолдарын мен тәртібі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың мекеме арқылы көрсетіліетін өзгеде мемлекеттік қызметтері бойынша қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Орындаған: «Комсомол ауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-сінің бас маманы
А.Т.Сәтбай